Атырауда екі бала суға кетті: біреуінің денесі әлі табылмай жатыр

Атырауда екі бала суға кетті: біреуінің денесі әлі табылмай жатыр
Фото: Midjourney

Атырауда екі бала суға батып кетті. Олардың бірінің денесі әлі табылған жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2010 және 2011 жылы туған екі бала суға шомылу кезінде көз жұмды. Бір баланың денесін туыстары тауып алып, судан шығарған. Құтқарушылар екіншісін іздестіріп жатыр.

"Іздестіру жұмыстарына департаменттің 11 қызметкері мен 5 жүзу кемесі жұмылдырылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Басқарма биыл Атырау облысында шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмағанын ескертті.

Жабдықталмаған жерлерде шомылу қауіпті және қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Еске салайық, бқған дейін 13 және 14 жастағы екі жасөспірім Атырау қаласының Көкарна шағын ауданындағы Жайық өзеніне батып кеткен еді. Олар жабдықталмаған жерде шомылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан