Шымкентте ер адам мешітке мас күйінде кіріп, телефон ұрлаған

Шымкентте ер адам мешітке мас күйінде кіріп, телефон ұрлаған

Шымкентте ер адам масаң күйде мешітке барып, телефон ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті қаладағы құлшылық үйлерінің бірінде екі бірдей азаматтың ұялы телефонын қолды еткен.

Тіпті кішкентай баланың қолындағы гаджетін алдап иемденген.

"Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.

Қазір ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан