Жер қойнауын заңсыз пайдалану: Түркістан облысында 164 жүк көлігі айыптұраққа қойылды

Жер қойнауын заңсыз пайдалану: Түркістан облысында 164 жүк көлігі айыптұраққа қойылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жүк көлігі айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында, облыс полицейлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен полиция генерал-майоры М. Қабденов бұл шараны қатаң бақылауға алған. 

Осы ретте Сауран ауданында рейд өтіп, 1 тәулікте заңсыз жер қойнауын тасымалдаудың 5 жайты анықталды. Жүк көліктері айыптұраққа қойылды. Ал құжаттар әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін экология департаментіне жолданды. 

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері "Жер қойнауын өз бетінше пайдалану" дерегімен 4 қылмыстық іс тіркелген. Одан бөлек заңсыз жер қойнауын пайдаланудың 150 дерегі анықталып, жинақталған құжаттар "Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу" бабымен экология департаментіне жолданған. Айыптұраққа 164 жүккөлігі (92 – Хова, 72 – Камаз), 17 арнайы техника қойылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина