Таразда полиция талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті

Таразда полиция талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті
Фото: polisia.kz

Таразда полиция талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Патрульдік полиция қызметкерлері аумақты бақылау жүргізу кезінде жол бойында көмек сұраған азаматтарды байқаған. Тез жақындап, жағдай сұрағанда жолаушының талмасы ұстағаны белгілі болды.

Денсаулығы сыр берген адам Бішкектен Дағыстанға бағыт алған 39 жастағы ресейлік азаматтың әкесі екен. Полиция қызметкерлері шұғыл түрде науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, қалалық ауруханаға жеткізіді.

- Қазақстандық сақшылардың адамгершілігіне риза болдым. Әкемді өлімнен арашалап қалдық. Алғысым шексіз, - деді Насир Балаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина