Атбасардағы колонияда тұтқындарды азаптау ісі бойынша 12 адам сотталып жатыр

Атбасардағы колонияда тұтқындарды азаптау ісі бойынша 12 адам сотталып жатыр

Бүгін Атбасар қаласындағы колонияда азаптау ісіне қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс бойынша 41 жәбірленуші бар. 12 адам айыпталып жатыр.

Оларға Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы ("Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар") бойынша айып тағылды.

Сот алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. 

Баспасөз қызметі сотта қандай мәселелер қаралып жатқанын әзірше нақтыламады, тек "процесс жалғасып жатқанын" хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан