Әкім мен тұрғын арасындағы бас жоспарға қатысты кикілжің: тергеу басталды

Әкім мен тұрғын арасындағы бас жоспарға қатысты кикілжің: тергеу басталды
Фото: freepik

Тұздыбастау ауылдық округінің тұрғыны жергілікті әкімді күш қолданып, әдеп кодексін бұзғанын айтты. Алматы облысының әкімдігі бұған қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, тұрғындардың бірі бекітілген бас жоспарға көңілі толмайтынын айтқан. Өйткені оның жер учаскесі қызыл сызықтан өтіп кеткен, осыдан жанжал туындаған.

"Қазіргі уақытта Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданы әкімі мен Талғар аудандық ішкі істер басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, егер әкімнің кінәсі дәлелденсе, оның жауапкершілігін әдеп жөніндегі кеңес қарайды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан