Қызылордада тұрғындарды 13 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды

Қызылордада тұрғындарды 13 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды
Фото: polisia.kz

Қызылорда тұрғыны облыстың алты тұрғынының сеніміне кіріп, ақшасын заңсыз иемденген. Кейбір жәбірленушілерді "жұмысқа орналастырып беремін" деп алдаса, кейбірінің жеке деректерін пайдалана отырып, 4 миллион теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен – 13 миллион теңге.

Тергеу барысында күдікті азаматша жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

№ 2 Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан