Биыл қазақстандықтар 15 мыңға жуық алтын құйма сатып алған

Биыл қазақстандықтар 15 мыңға жуық алтын құйма сатып алған
Фото: pixabay.com

Биыл қазақстандықтар 14 752 алтын құйма сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың II тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 779,2 келі 14 752 алтын құйма сатылды.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 7 тонна 185 295 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі - 100 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 25 пайыз - 46 007 дана. Одан кейін 10 грамдық алтын құйма - 45 781 дана (25 пайыз), 5 грамдық құйма - 41 592 дана (22 пайыз), 20 грамдық құйма - 29 796  дана (16 пайыз), және 50 грамдық құйма - 22 119 дана (12 пайыз).

2024 жылғы II тоқсанда алтын құймаларды іске асырудың ең үлкен көлемі келесі өңірлерге келді: Алматы (9 705 дана, 66 пайыз), Жетісу облысы (1 515 дана, 10 пайыз) және Шымкент (1 173 дана, 8 пайыз).

"Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 1 тонна 38 374 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 21 пайызы. Олар кері сатып алуға қабылдаған өлшеуіш құймалардың барлығы дерлік халыққа Ұлттық Банктің филиалдарына кері тапсырусыз сатылады. Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз", - делінген банк хабарламасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина