Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина