Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды

Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Tengrinews.kz скриншоты

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл ақпаратты Астана прокуратурасы Tengrinews.kz тілшісіне растаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.

Еске салайық, бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылағанын хабарлаған едік.

Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтай жөнелді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айжан Аймаганова (@aimaganova_a)

"Подполковник шенін алыпсыз. Құттықтаймын!", "Подполковник шені құтты болсын", "Шеніңіз құтты болсын,жоғарылай беріңіз!!!", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина