"Бар білетін дұғамды оқыдым". Ләйлә Сұлтанқызының баласы қиын жағдайда қалды

"Бар білетін дұғамды оқыдым". Ләйлә Сұлтанқызының баласы қиын жағдайда қалды
Фото: instagram.com/sultankyzy/

Танымал тележүргізушісі, журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұлының қиын жағдайға тап болғаны және баласын қалай уайымдағаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеше ұлым Дишинка апамен бірге сағат 13.00-де Астанадан Алматыға ұшуы керек боалтын. Scat рейсі қайта-қайта кейінге шегерілді. Қандай да бір себептерге байланысты шығар, білмеймін. Сосын балам 17.00-де FlyАrystan ұшағына отырып, кешке қонуы керек болатын. 19.00-ден бастап балама звондаймын, телефоны өшірулі. Кеш болды, бір уақытта, 21.00-ге таман ғой деймін, баламнан хабарлама келіп тұр: "Анашым, біз Түркістанға қондық. Алматының ауа райына байланысты. FlyАrystan шұғыл Түркістанға қарай ұшып кетті" деген. Ойбай, енді не болады, 22.00-дегі рейстің күйетіні бар, бұл қалай болады, баланың қорыққаны бар. Екі-үш рет Алматының үстінен айналып, ұшақ қона алмаған. Себебі кеше Алматыда жаңбыр болды, жел болды. Қасында отырған Ерболат Жанабылов тіпті қоштасу видеосын жазған. Оны балам айтқанда тіпті қорықтым. "Анашым, бар білетін 2-3 дұғамды оқыдым. Қайта-қайта оқыдым дейді. Таңертең тұра сала мал садақа, мешітке садақа беріп, Құран оқыттым, апаны шайға шақырдым. Аман болайық!" – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева