Апат болған "YDD Corporation" Қарағанды ферроқорытпа зауыты кімге тиесілі?

Апат болған "YDD Corporation" Қарағанды ферроқорытпа зауыты кімге тиесілі?
Фото: Gov.kz

Ерлан Нығматулин бастаған құрылтайшылардың бірде-біреуі осы уақытқа дейін ресми мәлімдеме жасамай отыр. Қарағанды ферроқорытпа зауытында апат болып, салдарынан 8 жұмысшысы ауыр хәлде ауруханаға түскен "YDD Corporation" корпорациясы кімге тиесілі? Massaget.kz тілшісі анықтады.

YDD корпорациясының Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты 2019 жылы шілдеде ашылған. Жобаның құны - 94 миллион АҚШ доллар. Зауыт Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынды. Жобаның қазақстандық мазмұнының үлесі 95 пайыздан асты, жоғары технологиялық зауыттың құрылысын ірі инвестициялық жобаларды бағалауға және құрылымдауға маманданған елдің басты қаржы институттарының бірі - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ, "Бәйтерек" холдингінің еншілес құрылымы) қаржыландырады.

Зауыттың негізгі бағыты - жоғары сапалы ферросилиций (Fesi75a) өндірісі, ол ферросилиций металдарының механикалық және коррозияға төзімділігін жақсарту үшін болат, шойын қорытпаларын өндіру және легирлеу кезінде қолданылады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна өнімге тең. Зауыт жаңа технологияларды қолданылып салынған, өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған. 

"YDD Corporation" ЖШС ферроқорытпа зауытының құрылтайшылары - Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз.

Пандемия кезеңінде компания сату географиясын 15 елге кеңейтіп, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамыта алды. Қазіргі уақытта зауыт әлемнің 37-ден астам еліне өнім экспорттайды.

Еске салайық, Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тарады. Кейінірек зауыттың сегіз жұмысшысын жалын шарпып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Жарақат алған жұмыскерлердің бірінің ата-анасы сұхбат беріп, ұлының жағдайы туралы айтты.

Кейінірек "YDD Corporation" ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі желіде тараған бейнеге ресми түсініктеме беріп, зардап шеккендерді емдеуге шетелден дәрігерлер келетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, зауыттағы апаттан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә