Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады
Фото: Ақорда

 Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді", - деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә