Ақмола облысында жоғалған жасөспірімді такси жүргізушісі танып қалған

Ақмола облысында жоғалған жасөспірімді такси жүргізушісі танып қалған
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында жоғалған жасөспірімді такси жүргізушісі танып, полицияға хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 шілдеде Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, оның 10 жастағы қызы үйден кетіп қалғанын және оның қайда екенін анықтай алмағанын хабарлады.

Оқиға былай болған, әйел әдеттегідей таңертең жұмысқа кеткен, алайда біраз уақыттан кейін жұбайы қоңырау шалып, қызы үйден кетіп қалғанын, қоңырауларға жауап бермей жатқанын айтты.

Ақпарат түскен бойда кәмелетке толмағанды іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бағытталды. Полицейлер жасөспірімнің болуы мүмкін орындар мен мекенжайларды тексерді. Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың фотосуреттері бар хабарламаларды әлеуметтік желіге жариялады.

Содан бірнеше сағат ішінде қыздың орналасқан жері анықталды, жасөспірімді такси жүргізушісі танып қалған. Белгілі болғандай, серуендеуге шыққан қыз адасып қалған.

Жасөспірім такси жүргізушісіне қоңырау шалуға өтініш жасады. Сол сәтте WhatsApp-тан келген хабарламаны көрген жүргізуші іс-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған қызды таныған. Ер адам бұл туралы полицейлерге дереу хабарлады. Жасөспірімге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан