Алматы-Кеген тас жолын су басты

Алматы-Кеген тас жолын су басты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өңірде бұршақ аралас жауын жауған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жауын-шашыннан соң таудан су тасып, Ақсай ауылына жақын жолды басып қалған.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін, 16 шілде сағат 15:58-де Кеген ауданында, Ақсай ауылының маңында жауын-шашынның салдарынан жолды су басқан.

"Сағат 17:00-де жаңбыр басылды, «Қазавтожол» күштері жолды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!