Алматылық құтқарушылар барахолкадағы өртті сөндірді

Алматылық құтқарушылар барахолкадағы өртті сөндірді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Құтқарушылар Алматыдағы барахолкадағы 2300 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өрт 2300 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Оны сөндіруге 30 тонна су түсірген бөлімнің 100 қызметкері, 23 техника және бір тікұшақ жұмылдырылды.

Қазір оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан