Танымал журналист Дина Төлепбергенге күйеуі ерекше тосынсый жасады

Танымал журналист Дина Төлепбергенге күйеуі күтпеген жерден тосынсый жасап, таңғалдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Достар, барлықтарыңызға сәлем! Менің жаңадан пайда болған бір күшті әдетім бар. Ол - түскі үзіліс кезінде кинотеатрға келу. Осы аптада мен екі фильм көрмекшімін. Оның біріншісі - қазақ рэпі жөніндегі Shulamah деп аталатын отандық кино, екіншісі - NASA-ның маркетингі туралы тарихи туынды. Күйеуім маған сюрприз жасапты бүгін шынын айтқанда бүкіл залды мен үшін жалдапты.  Сондықтан да бүгін осы кинотеатрда бір ғана көрермен және үлкен экран, романтика!",- деді танымал журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз