Алматыда барахолкада шыққан өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Алматыдағы барахолкада шыққан өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі сәтте әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті. Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз