Алматыда барахолкада шыққан өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
![Алматыда барахолкада шыққан өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды](/userdata/news/news_111899/image_l.png)
Алматыдағы барахолкада шыққан өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі сәтте әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті. Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды.
Зардап шеккендер жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан