Алматыда барахолка аумағында ірі өрт сөндіріліп жатыр

Алматыда Солтүстік айналым аймағында орналасқан екі қабатты люстралары бар қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоймадағы өрт 16 шілдеде, кешкі сағат бестер шамасында басталған.

Фото: Tengrinews.kz

"Осы сәтте Алматы қаласының құтқарушылары Алатау ауданындағы  қоймалардың біріндегі өртті сөндіріп жатыр", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз