Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануда өзгерістер енгізілді

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.

Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және жақын туыстарына беру көзделген.

Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!