Алматы облысындағы тауда аяғын сындырып алған турист тікұшақпен төмен түсірілді

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары туриске көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында 1980 жылы туған әйел күйеуімен бірге туристік маршрутпен жүріп келе жатып, аяғын сындырып алып, 3000 м биіктіктен өздігінен түсе алмаған.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні таудан түсіріп, оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина