Ақтөбе облысында полицей ауыл тұрғынының жоғалған 26 бас жылқысын тауып берген

Ақтөбе облысында учаскелік инспектор ауыл тұрғынының жоғалған 26 бас жылқысын табуға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ащылысай ауылы тұрғынының еркін жайылымнан 26 бас жылқысы жоғалған. Алдымен мал иесі жоғалған жануарларды өзі іздестірген. Алайда, оң нәтиже болмағандықтан келесі күні полиция бөліміне арызданған.  

Полиция қызметкерлері арнайы мобильдік топтар құрып, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Учаскелік полиция инспекторы Асылхан Ертілеуовтің жетекшілігімен және іздестіру жұмысын ұйымдастыруының нәтижесінде тәулік ішінде Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов ауылынан 70 шақырым жерде, еркін жайылымнан 26 бас жылқы табылып, иесіне қайтарылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз