Алты жасар бала төртінші қабаттан құлап, аман қалған

Алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.

Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ескертеді:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!