Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке есеп берді

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке есеп берді
Фото: Ақорда

Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменов:

  • Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді;
  • Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады;
  • жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды;
  • Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина