Таразда кальян ұсынатын дәмханалардың иелері жазаланды

Таразда кальян ұсынатын дәмханалардың иелері жазаланды
Фото: Polisia.kz

Тараз қаласында дәмхана-барлардың иелеріне кальян үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таразда полиция қызметкерлері бейнеоператорлармен бірге кальяны бар орындар, кафе, барларға рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салу талаптарын бұзған 27 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылық деректері "MUSETTI", "LORD", "MATADOR" ,"BarBQ", "SKY LOUNGE", "Bult", "Жаным Сол", "Мята", "С Кайфом", "МANSARD", "PABLO" көңіл көтеру орындарында анықталды.

Әкімшілік хаттамалар мекеме иелеріне, сондай-ақ олардың қонақтарына қатысты толтырылды. Келушілерден тамақ пен сусындармен бірге кальяндарға тапсырыс берген төлем шоттары тәркіленді. Кальян үшін полицейлер салған айыппұлдар ойын-сауық иелерін қорқытпайды, мұндай рейдтерден кейін олар біраз уақытқа дейін "тынышталады", содан кейін қайтадан сата бастайды. Сондықтан полицейлерге енді күн сайын тексеруге тура келеді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынатыны, вейптер мен электронды темекілердің таралуы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы нормаларды түсіндірді. 20 маусымынан бастап Жамбыл облысының полиция департаменті вейптерді сатқаны үшін 3 қылмыстық іс қозғады.

"Кальяндар мен вейптерді ересектер ғана емес, өкінішке орай жастар арасында да өте жиі қолданады. Сондықтан ойын-сауық орындары тыйым салынған заттардан бас тарта алмай, заңсыз жұмыс істеуде. Олар тек табысты ғана ойлайды, ал адамдардың денсаулығына келетін қауіпті ойламайды. Бұл мәселеде екі тарап та өз жауапкершіліктерін түсінуі қажет. Сондай-ақ темекі өнімдерінің айналымына тыйым салуға қатысты соңғы өзгерістерді ескере отырып, біз осы бағытта күшейтілген жұмысты жалғастырамыз", – деді Жамбыл облысының ПД бастығы Арманбек Баймурзин.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина