Алматыда тағы бір автобус апаты болды

Алматыда тағы бір автобус апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Желідегі ақпарат бойынша Шаляпин мен Әшімов көшелерінің қиылысында болған. 

Жазбадағы мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар.

"Автобус апатынан көз ашпаған Алматы". Кейінгі 4 жылда қанша жол апаты болды?

Еске салайық, биыл 26 маусымда Алматыда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Оқиға Алмалы ауданында сағат 14.20-да болған. "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, 18-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан. Оқиға салдарынан 25 адам медициналық көмекке жүгінді, бір адам оқиға орнында жан тапсырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!