Тоқаев бірнеше елшілікте тағайындау жүргізді

Тоқаев бірнеше елшілікте тағайындау жүргізді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Бұл қызметті атқарған Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина