"Көліксіз қалып, біраз жаяу жүрдім". Бағлан Әбдірайымов өзінің жаман әдеті туралы сөз қозғады

"Көліксіз қалып, біраз жаяу жүрдім". Бағлан Әбдірайымов өзінің жаман әдеті туралы сөз қозғады
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі өзінің жаман әдеті туралы сөз қозғаған.

"Менің бір жаман әдетім бар.
Қолымдағы бар нәрсені жұрттарға таратып жібере саламын.
Әлде ол жақсы әдет пе?
Мысалы, бір сұхбатта отырып, жүргізуші "бір кісіге көмектесе аласың ба?" деп сұрағанда, "иә, көмектесейін" дедім.
Артта тұрған өзім мініп жүрген астымдағы көлігімді басып ешнәрсе сұрамай, ешкімнен ешнәрсе күтпей, бере салдым. Өзім солай көліксіз қалып, біраз жаяу жүріп қалғанмын. Бір қызығы іште сосын ешқандай өкініш болмайды. 
Бұл Нұрсұлтан деген жігіт, қандай шара жасасам да көрермен болып қолдап, қалмай келіп жүреді. Оған қолымдағы сағатымды естелікке беріп жібердім. Осылай жүрген жерімде қолымдағы барын таратып жүремін. 
Көп адам мұны түсіне алмай жатады. Мен өз ойым: Кең болсаң, кем болмайсың. Ризықты беретін алла, басқа басқа жерден береді. Ең бастысы пейілді тарылтпасын", - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың мінезі ата-анасынан беріле ме?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә