"Алаяқтар!" Төреғали Төреәлінің қарындасы шындығын айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жақында желідегі оқырмандары күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде өз аудиториясын тауып үлгерген танымал блогер Фариза Төреәліге оның атынан соңғы кездері түрлі жарнама жасалып жатқаны туралы хабарлама жиі келетін болыпты. Блогер түрлі қауесетке нүкте қою үшін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. 

"Алаяқтар! Өтініш алданбаңыздаршы! Түрлі таргет жүр менің атымнан жарнама жасап. Көрсеңіздер "шағымдану" батырмасын басыңыздаршы", - деп жазды ол жеке парақшасында. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!