Танымал әнші Мақпал Исабекова қашан сахнаға оралатынын айтты

Танымал әнші Мақпал Исабекова қашан сахнаға оралатынын айтты
Фото: видеодан кадр

Танымал әнші Мақпал Исабекова қашан декреттік демалыстан шығып, өнерге қайта оралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында ғана екінші сәбиін өмірге әкелген әнші әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты жаңалығымен бөлісті. 

"Аналық контент ақырындап екі дүркін аналық контентке ауысты. Әзірге үйден хабар таратамын және жақын арада концерт те көрінбейді, назарыңызға тек балалар контентін ұсына аламын", - деп жаңа туған сәбиімен суретін жариялады әнші. 

Соған қарағанда халықтың сүйікті әншісі әзірге сахнаға қайтып оралуды жоспарламайтын сияқты. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева