Қайрат Нұртастың анасы Алматыдан екінші дүкенін ашты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова киім сататын екінші дүкенін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін дүкенімнің екіншісін ашып жатырмыз. Келе берсеңіздер болады, тек ашылу салтанаты кейінірекке қалғанын жөн санадым", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Продюсердің ашылу салтанатын кейінге шегеруі ұлы Қайрат Нұртастың қамауда болуына байланысты болуы керек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!