"Біздің елде әлі дамымаған". Қарақат Әбілдина көңілі толмайтын сала туралы айтты

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Қазақстанның қандай тұсына көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл мәселе туралы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді. 

"Дүкен аралаймын деп шаршап қалдым. Іздегеніңді таппаған кезде, сен ойлағандай таңдау болмаған кезде, өзіңе-өзің стилист болып кеткен кезде онша емес күйде боласың. "Стилист" мамандығы біздің елде әлі дамымаған ғой, айтыңыздаршы?!", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Қарақат Әбілдина Қазақстанның жолдарын сынаған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз