Динара Сәтжан "Қайда" әнінің авторы туралы: "Жас, күш-қуатқа толы. Әндерін енді өзі орындайды"

Динара Сәтжан "Қайда" әнінің авторы туралы: "Жас, күш-қуатқа толы. Әндерін енді өзі орындайды"
Фото: instagram.com/dinarasatzhan/

Ерке Есмаханның орындауындағы "Қайда" әнін 8-сынып оқып жүргенде жазған әнші, композитор Диана Исмаил танымал журналист Динара Сәтжанмен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жақында кешкі шоуымның YouTube каналында талантты Диана Исмаилмен сұхбат шығады. Ол 8-сыныпта "Қайда" әнін жазған композитор. Сіз оны білесіз...", - деп жазған Динара Сәтжан Ерке Есмаханның орындауындағы хит әннің мәтінін жазып қалдырды әлеуметтік желідегі парақшасында. 
"Астанада жоқ жоқ
Сені іздедім, үмітті үзбедім
Ақтөбеде жоқ жоқ
Шымқалада жоқ жоқ
Сені іздедім үмітті үзбедім". 

"Бұл болашақ хит Диананың сандығында ұзақ жылдар бойы "жатты", бір күні ол бұл әнді Алматы студияларының бірінде жазуға келгенде көреген Ерке Есмахан естіп қалып, сатып алады. 
Сөйтіп, әнге түсірілген бейнебаян 160 миллион қаралым жинады", - деп баяндап берді журналист бір әннің тарихын. 

Динара Сәтжанның айтуынша жас әнші, композитор Диана Исмаилдың қоржынында мұндай хит боалтын әндер көп екен. 

"Диананың мұндай әндері көп! Енді оларды Диана өзі орындайды! Жас! Күш-қуатқа, энергияға толы! Бәрі енді басталып жатыр", - деп тыңдарманды қызықтырып қойды Динара Сәтжан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева