"Хит болатын фит". Мирас Жүгінісов, Еңлік және Ninety One-дағы ZAQ бірге ән жазды

Мирас Жүгінісов, Еңлік және Ninety One-дағы ZAQ бірге ән жазды. Туынды "JOL" деп аталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үш хитмэйкер әлеуметтік желідегі парақшаларында жаңа әннің үзіндісін жариялады. 

"Ғажайып үштік", "Еее, Мирас Зак Еңлік не деген құрам мынау! Фит хит болайын деп тұр, күтеміз", "Мүлде күтпеген коллаб", "3 ХИТ-мейкерден 1 ХИТ қабыл алыңыздар", "Хит болатын фит қой" деген әлеуметтік желідегі тыңдармандардың пікіріне қарағанда әлі жарыққа шықпаған туындыдан күтілер үміт көп сияқты. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!