"Кешірім сұраған видео күтеміз". Әнші Нұрболат Абдуллин сынға қалды

Түлектер кешінде ән айтып, вальс билеген әнші Нұрболат Абдуллин халықтың сынына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин "Mи Lion education" орталығының 5 жылдық түлектер кездесуінде сахнада ән айтып, бірнеше қызды вальске шақырған.

Әнші қыздармен алма-кезек вальс билеген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әншінің жас қыздармен билегеніне адамдар әзіл-шыны аралас түрлі пікір білдіріп жатыр. 

"Бүгін көлікте ұйықтайсыз-ау", "Абайлаш, құрсын белден ұстаған үшін 3 тәулік болып жүрмесін", "Бүгін билеп алыңыз, ертең кешірім сұрап тұрған видео күтеміз", "Сұлтан Сүлеймен боп тұрсыз" деген оқырмандарға әншінің топ қыздың алдында өнер көрсеткені қызық болған сияқты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!