Ақмола облысында қамыс пен құрғақ шөптен өрт шықты

Ақмола облысында қамыс пен құрғақ шөптен өрт шықты
Фото: ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері Ақмола облысында қамыстың жануын сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғалжын ауданы Үшсарт ауылына жақын жерде ашық аумақта қамыс пен құрғақ шөптің жанып кеткен. 

Өртсөндірушілердің арқасында жану 2 гектар алаңда жедел түрде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Жану себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек