"Зиян" тағамдардан толық бас тарту да қауіпті болып шықты. Неліктен?

"Зиян" тағамдардан толық бас тарту да қауіпті болып шықты. Неліктен?
Фото: pixabay.com

Өңделген (өнеркәсіптік) тағамнан толық бас тартуға ұмтылу физикалық денсаулықтың нашарлауына және орторексияның дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы Сент-Джон университетінің (Ұлыбритания) Спорт және дене шынықтыру психологиясы кафедрасының ғылыми қызметкерлері мәлімдеді - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Conversation сілтеме жасап.

Психологтар орторексияны психикалық бұзылыстың бір түрі деп түсіндірді, онда адам тек экологиялық таза тағаммен тамақтануға құмар болады. Ал "зиян" санатына көбінесе ультра өңделген тағамдар (фастфуд, нан, кондитерлік өнімдер) және аз өңделген (консервілер, консервіленген жемістер мен көкөністер, кептірілген жемістер) жатады.

Йорк Сент-Джон университеті мамандарының айтуынша, орторексия мен анорексияның басты айырмашылығы - зиян тағамдардан иррационалды қорқыныш және оларды тұтынудың ықтимал салдары. Тіпті қатаң диетадан шамалы ауытқу орторексиямен ауыратын адамның психикасына зиян келтіретін кінә мен мазасыздықты тудырады.

Бұл жағдайда физикалық денсаулық та зардап шегеді, өйткені орторексияда адам көбінесе үнемі жаттығулар жасауға тырысады, майлар мен көмірсулар сияқты қоректік заттарды тұтынуды шектеуге ұмтылады. Сондықтан, дұрыс тамақтануға шамадан тыс құмарлық ұйқының сапасының төмендеуіне, көңіл-күйдің төмендеуіне, энергия деңгейінің төмендеуіне, бейжайлыққа және ми жұмысының нашарлауына әкеледі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Магистратураның кешенді тестілеуі қалай өткізіледі?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә