"Күлге аунап туам ба?". Анна Данченко жеке өміріне араласатындарға жауап берді

Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, жеке өміріне араласатындарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тележүргізуші өзіне "әлі тұрмыс құрмадың" деп жазатындарға шүйлігіп, анасын балағаттайтындарды орнына қойды. 

"Ол - менің таңдауым!

Менің жеке өмірім көп адамға қызық. Мен тұрмыста емеспін, балам жоқ. Сондықтан болар, көп оқырман соны бетіме басып, "Отырып қалдың! Өзіңе бала туып ал! Байға шық!" деген сөздерді, өз міндеттері деп есептеп, жекеге жиі жазады. Кей кісілер шын көңілмен бақыт тілесе, басқалары әдейі "шымшып, тигізіп" жазатын сияқты. Сонда мен "Күлге аунап туам ба?"

Жоқ әлде бір жігіт айтқандай: "шешеңді таста, сосын сені алам, менің анамның жағдайын жасайсың", ал басқасы: "сенің көлігің де, жұмысың да, үйің де бар, сенікін де бәріміз тұрамыз". 

Қазіргі жігіттердің көбі осындай) Бәрі талап қойғыш, әйтеуір. Жасасын жағдайымды, отбасын кұрам десе, сол отбасын асырай алатындай ақылы, білімі, жұмысы болсын! Еңбекқор болсын! 

Ал, енді анама қатысты жаман сөзді бірде-бір адамға айтқызбаймын! Ешкім тіл тигізбесін! 

Бұйырғаны болады, бірақ барлығын қызға жүктеп қоюдың қажеті жоқ. Қыз таңдайды - сөзіне емес, ердің ісіне қарап!

Қол көтеретін, көзге шөп салатын, арман-мақсаты, жұмысы жоқ, ата-ананы құрметтемейтін, ауызынан шіріген, боқтық сөз шығатын, мені бағаламайтын, еріншек жігітке тұрмысқа шықпау - ол менің таңдауым!

Отбасылы азаматпен сөйлеспеу, тоқал болмау, куйеусіз бала тумау - ол менің таңдауым!

Сөз салып жүрген жігіттер жоқ емес, бар, бірақ мен өзіме қандай адам керек екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін сатқындықты да көрдім. Жетер.

Өмір менікі, кейін ол адаммен тұратын да мен, одан бала туатын да мен. Адам танитын жасқа келдім деп ойлаймын. Мен зат емеспін, ойыншық емеспін! Сезімнен бөлек, ақылға салып таңдаймын болашақ жарымды.
Құдай қаласа, жақсы адам жолығады.

Мен ешкімге жамандық жасаған жоқпын, Алла көріп тұр, ниетіме қарай беріп жатыр барлығын, шүкір. Бақытты ана, бақытты жар, бақытты адам болуымды да Алла нәсіп етсін! Барлық аруға соны тілеймін! Әмин! - деп жазған ол. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең көп нокаутпен жеңген боксшы кім?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!