Грант конкурсына қанша талапкер өтініш бере алатыны белгілі болды

Грант конкурсына қанша талапкер өтініш бере алатыны белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Алдын ала ақпарат бойынша, ҰБТ-да 139 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталады. ҰБТ электронды форматта 43 тестілеу орталығында өтті. Су апатынан зардап шеккен 6 өңірде, атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ҰБТ 12 шілдеге дейін ұзартылған.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова хабарлады.

"ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі оны тапсыруға екі мүмкіндік беріліп, тестіленуші ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады", - деді спикер баспасөз конференциясында.

Биыл мектеп түлектерінің саны артып, 181 мыңнан астам талапкер екі мүмкіндікті қоса есептегенде 326 мың рет тапсырды. Алдын ала ақпарат бойынша, 139 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан