Қостанайда әйелдің саусағы торт безендіретін құралға қысылып қалған

Қостанайда әйелдің саусағы торт безендіретін құралға қысылып қалған
Фото: "Астана" телеарнасы

Қостанайда әйелдің саусағы торт безендіретін құралға қысылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қостанай тұрғынына құтқарушылардың көмегі қажет болды. Оқиға түн уақытында болған. 

19 жастағы тұрғын абайсызда саусағын кондитерлік пакеттің саңылауына тығып алған, оны өздігінен шығара алмаған.

"Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен қыздың саусағын шығарды. Құтқарылған адамға қосымша медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған мәліметте.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова