"Суперпапа". Қызы концерт көруі үшін оны иығына шығарып алған ер адам жұртты сүйсінтті

Фото: Видеодан алынған кадр

Астана күніне ұйымдастырылған кеште ер адам Желі жұлдызына айналды. Ол кеш бойы қызы концертті көре алуы үшін оны иығына шығарып тұрды. Tengri Life сүюші әкені тауып, онымен сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Суперпапа" туралы бейнелер TikTok-парақшаның бірнешесінде жарияланды. Әкенің мұндай амалы Желі қолданушыларының назарын бірден аудартты. Қала тұрғындары мерекелік концертте қызының шоуды тамашалай алу үшін кеш бойы ыңғайсыз қалыпта тұрған әкеге тәнті болды.

"Мына ер адам қызы сүйікті әртістерін тыңдай алуы үшін екі сағат бойы осылай тұрды", - деп жазған видео авторы. 

@aibakhm самая милая картина сегодняшнего концерта🫶🏻 папа года🥹 #рек #астана #концерт @DAULET 474 ♬ оригинальный звук - moonchild

Бейне Желіде жылдам тарап, мыңнан астам пікір жинады, жұрт ер адамды қызу талқыға салды.

"Суперпапа", "Жыл әкесі", "Осылай жақсы көрі керек", "Бұл қыз өмір бойы концертті емес, әкесінің иығында екі сағат тұрғанын ұмытпайды", "Мұндай әке - арман ғой", "Мен неге жылап отырмын?" - деп жазған олар.

Tengri Life тілшісі ер адамды тауып, онымен байланысқа шыққан. Ер адамның есімі Дәулет Мапышев, 38 жаста екен. Ол әйелімен бірге үш бала тәрбиелеп отыр: екі ұл және бір қыз. Ол қаладағы ЖШС-нің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейді, отбасымен бірге Астанада тұрады.

"Менің үш балам бар, үлкен ұлым 12 жаста, ал кенжесі 5 жаста. Қызымның есімі Жанайым, ол 10 жаста. Біз отбасымызбен Қала күніне арналған концертке бардық, бірақ сахнаға жақындай алмадық. Қызым өзінің сүйікті әртістерін көргісі келді. Оларға жақындауға мүмкіндік болмағандықтан, мен оны мойныма отырғызуды шештім, содан кейін ол менің иығыма аяқпен түрып алды. Осылайша екі сағаттық концерт өтті. Мен өзімді атақты болып кеттім деп ойламаймын, бірақ бейне бұлай танымал болады деп күтпедім. Менің ойымша, кез келген әке баласы үшін осылай жасар еді", - деді ол.

Дәулет Малышев отбасының жеке мұрағатынан алынған сурет

Тағы да оқи отырыңыздар: Қандас квотасы бойынша қанша грант бөлінді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә