1 қыркүйектен бастап несие алу үшін жұбайының келісімін алу міндеттеледі

1 қыркүйектен бастап несие алу үшін жұбайының келісімін алу міндеттеледі
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап несие алу үшін міндетті түрде жұбайының рұқсаты қажет. Ол келісімді қашықтан да бере алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Bes.media-ға сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 1 АЕК (3 692 00 теңге) сомасына кредит алуға болмайды – АРРФР тиісті қаулы шығарды. Енді несие беруші жұбайының бар-жоғын азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі (АХАЖ АЖ) арқылы тексереді немесе несиелік бюролардан ақпарат алады.

Келісімді қалай беруге болады?

Келісім электрондық түрде немесе жазбаша нысанда қағаз жүзінде несие алушының "электрондық үкімет" порталы арқылы немесе сервистері арқылы берілуі мүмкін. Жұбайының келісімі шартқа қол қоймас бұрын әрбір несиеге қажет және ол шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жарамды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тірі адамдардың марқұмдар алдында қандай қарыз-парыздары бар?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә