"Бір кітап үшін 11 мың теңге". Ірі қаржыгер балаларына кітап оқығаны үшін ақы төлейтінін айтты

"Бір кітап үшін 11 мың теңге". Ірі қаржыгер балаларына кітап оқығаны үшін ақы төлейтінін айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Балаға кітап оқығаны үшін ақы төлеп, кітап оқуды әдетке айналдыру мүмкін бе? Еліміздің ірі қаржыгері Ғалым Құсайынов журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында балаларының бойында жақсы әдетті қалыптастыру үшін түрлі амал жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржыгер қызы көлемді кітап оқыса, 11 000 теңге төлейді. 

"Балаларыма кітап оқығаны үшін ақы төлеймін. Қанша төлейтінім кітап көлеміне байланысты, бірақ үлкен кітап болса, 11 мың теңге төлеймін. Ол құштарлана оқиды, тіпті бір кітапты 3-4 күнде оқи алады. Мен неге кітапты қолға алғанымды түсіндірейін, себебі олар қазір телефон мен гаджеттерге құмар. Мен балаларға тыйым салатын адам емеспін, мен оған телефон қолдануға тыйым салмаймын, ол қалағанынша қолданады. Мен өзі телефоннан бас тартатындай тапсырма қойдым, себебі әрбір тыйым баланың қалауын құртады. Ниет - баланың кітап оқуын әдетке айналдыру", - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қандас квотасы бойынша қанша грант бөлінді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә