Алматы облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарған ер адамның видеосы тарады

Фото: видеодан алынған кадр

Үлкен Алматы каналында (БАК) ер адам суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы Үлкен Алматы каналының жағасында түсірілген видео тарады. Ағысқа қарсы жүзіп суға түскен ер адам суға батып бара жатқан баланы ұстап үлгерген. Куәгерлердің айтуынша, бала тайып кетіп, арнаға құлап кеткен, оны өтіп бара жатқан адам аман алып қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Видео астындағы пікірлерде қолданушылар ер адамды марапаттауды сұрап жатыр. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова батыр баланың өмірін сақтап қалғаны үшін марапатталатынын айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан