"Өмірімде дәл солай есім шықпаған шығар". Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қызық оқиғасын бөлісті

"Өмірімде дәл солай есім шықпаған шығар". Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қызық оқиғасын бөлісті
Фото: instagram.com/aidyn_nury?

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен қызық оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айнұр Тұрсынбаева осыдан біршама уақыт бұрын үйіне қонақ шақырып, бұл туралы ұмытып кеткенін айтады. Қонақтар "келдік" деп қоңырау шалғанда айтыскер қатты ұялып қалыпты. 

"Бір күні Ыстамбұлға Дәулет Мұқаев бауырымның ата-анасы келді... Қайша Керейдің үйіне тоқтаған екен, барып сәлемдесіп, үйге демалыс күнге қонаққа шақырдым... Содан демалыс күні таңертең оянамын, бірдемені ұмытқан сияқтымын.. Үйдегілерден "мен бірдеңе ұмытып тұрмын, бір нәрсе істеуім керек сияқты" деп қайта-қайта сұраймын... Ешкім білмейді... Сонымен ары жүріп, бері жүріп ішім пысып көшеге шығып кеттім... Бір кафеге кіріп алып, круассан мен кофеге заказ беріп қойдым... Кофе дайын болғанша эфирге кіре қояйын деп, түпсананы ұрып жатқанмын ғой.. Қайша қайта-қайта қоңырау шалды.. Эфир біткен соң сөйлесермін деп басып тастаймын.. 1 сағат эфирді өткізіп болып ватсапты ашып қалсам, Қайша 45 аудио жіберіп тастапты... Қонақтармен келдік деп... Үйде әшейінде толып тұратын тамақ та жоқ қой... Ойбай өмірімде дәл солай есім шықпаған шығар... Сонау Семейден келген қонақтарымды мәнтімен қайтарғаным бар... Есіме түссе әлі терлеп кетемін ше?! Сіздерде қандай қызық болды?" - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Дипломатиялық дресс-код деген не?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә