Ставка қойып қарызға кірген: Семейде офицер әскери бөлімнің құрылғыларын ломбардқа салып жіберген

Ставка қойып қарызға кірген: Семейде офицер әскери бөлімнің құрылғыларын ломбардқа салып жіберген
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Абай облысында офицер букмекерлік сайтқа ставка қойып, қарызы көбейгеннен кейін әскери бөлімге тиесілі құрылғыларды ломбардқа өткізіп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семей гарнизоны әскери соты сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену дерегі бойынша қылмыстық істі қарады.

Сотта сотталушы О. штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта ставка қойып ұтылып, жеке басындағы қарыздар көбеюіне байланысты әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды "Т" ломбардына өткізгені анықталды.

Мемлекетке 2 миллион теңгеден аса залал келтірілген. Сот үкімімен сотталушы О. ҚК-нің 189-бабы 3 бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.  

ҚК-нің 49-бабы, 1-бөлігіне сәйкес ол "капитан" әскери атағынан айырылды. Сондай-ақ, сотталған адамнан мемлекет пайдасына материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова