Тележүргізуші Айкерім Есенәлі "әйелдердің әңгімесіне араласпаймын" дейтін ерлерге шүйлікті

Тележүргізуші Айкерім Есенәлі "әйелдердің әңгімесіне араласпаймын" дейтін ерлерге шүйлікті
Фото: instagram.com/yessenali_aikerim

Тележүргізуші Айкерім Есенәлі "Көзқарас" подкастында ене мен келін арасында проблема туындағанда жауапкершіліктен қашатын ер адамдарға шүйлікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Енесі мен келіннің арасында проблема болса, көпшілік ер адам "әйелдердің әңгімесіне араласпаймын" дейді. Бұл пікір классика болып кеткен. Рас, ерлер араласпайтын әйелдердің әңгімесі болады. Мысалы, әйелдер бір-біріне сырын айтып отырса, ер адам араласпайды. Сол секілді ер адамдардың да футбол секілді өз әңгімелері болады. Алайда бұл отбасыға қатысты емес. Ер адам екі әйелдің табысуына себепкер болғандықтан, екеуінің жақсы қарым-қатынаста болуына ол жауапты. Бұл жағдайда ол әйелдердің әңгімесі емес", - деді ол.

Тележүргізуші мысал ретінде бір оқиғаны айтып берді.

"Бір ене "жас келін не істесе де, отырса - опақ, тұрса - сопақ болды" дейді. "Ене болуды білмеймін" дейді. "Не істесе де ұнамайды" дейді. "Баламды қызғанамын ба білмеймін, әйтеуір ана қызға жыным келеді" дейді. Ол оның жалғыз ұлы. Ол анасына келіп, "ол саған ұнамаса, біз бөлек кете берейік немесе өзіңнің әрекеттеріңді қарастырып көрші" деген. "Мен сені жақсы көремін, бірақ ол менің әйелім ғой, мен онымен ажыраспаймын" деген. Содан кейін енесі ойын да, әрекеттерін де өзгерткен", - деді Айкерім Есенәлі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова