"Улаған деген күдік бар". Депутат Ермұрат Бапи денсаулығы туралы айтты

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалды. Бұл туралы депутат Massaget.kz тілшісіне растады. 

"Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!", - деп жазған еді Facebook-тегі парақшасында. 

Massaget.kz тілшісі депутатпен хабарласып, оның жағдайын білді. 

"Жағдай орынша боп тұр. Осындай ісіктер әр жерге шығады. Улаған деген күдік бар. Бірақ диагнозды әлі таппады. Барлық анализді тапсырдым", - деді депутат. 

"Қолымды көрген дәрігер 40 жыл қызметінде мұндай жағдайды алғаш рет кездестіргенін мойындады. Ол бұл уланудың белгісі екенін айтты. Ақпаннан бастап қолым ісіп бастады. Ауру өршіп жатыр. Дәрігерлер әлі нақты диагноз қоя алмады. Осы уақытқа дейін маған аллергияға қарсы дәрі жазып берді. Қазір жағдайы тұрақты", - деген еді депутат qaz365.kz-ке берген сұхбатында. 

Депутат "кімнен күдіктенеді?" деген сұраққа жауап бере алмады. 

"Қалай жауап беретінімді де білмеймін. Жұмысымның ерекшелігіне байланысты шай үстінде көп адаммен кездесуге тура келеді. Ешкімнің атын атай алмаймын", - деді Ермұрат Бапи.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз