Көлікпен өзеннен өтпек болған екі туристі қатты ағыс алып кеткен

Көлікпен өзеннен өтпек болған екі туристі қатты ағыс алып кеткен
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ескелді ауданындағы Қора шатқалында, Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды құтқарды.

"Жол талғамайтын көлікпен өзеннен өту кезінде оларды қатты ағыс алып кеткен. Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, олар медициналық көмекке мұқтаж болмады", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова